Алматының Медеу ауданының кей жерінде 12–16 мамыр аралығында газ беру уақытша тоқтатылады

08.05.2026 17:32
Depositphotos

«QAZAQGAZ AIMAQ» АҚ Алматы өндірістік филиалы жаңадан салынған газ құбырларын қолданыстағы желілерге қосуға байланысты газ беру уақытша тоқтатылатынын хабарлайды, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Жұмыстар екі кезеңмен жүргізіледі. Бірінші кезең 2026 жылы 12–16 мамыр аралығында өтеді.

Көрсетілген кезеңде Медеу ауданындағы Көктөбе шағынауданы — Достық даңғылы — Армянская көшесі — Тәттімбет көшесі аумағында газ беру уақытша тоқтатылады.

Сондай-ақ, жұмыс жүргізу кезеңінде автокөлік қозғалысына ішінара шектеу енгізілуі мүмкін:
— Ж. Омарова көшесінде Тәттімбет көшесімен қиылыс маңында;
— Луганский көшесінде Армянская көшесінен әл-Фараби даңғылы бойындағы көпірге дейінгі аралықта.

Жаңа желілерді қосу аталған ауданда газбен жабдықтаудың сенімділігі мен тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Тұрғындардан уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарау сұралады.

Оқи отырыңыз: Алматыда сейсмикалық қауіпсіздікті арттыру бағытындағы БҰҰДБ-мен ынтымақтастық мәселелері қаралды