Алматының Әлеуметтік қызметтер үйінде жыл басынан бері 47 мыңнан астам қызмет көрсетілді

21.07.2026 15:15
пресс-служба акима Алматы

2026 жылдың басынан бері Алматының Әлеуметтік қызметтер үйінде 47 174 қызмет көрсетілді. Бұл туралы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері айтты, - деп хабарлайды  Аlmaty.tv 

Әлеуметтік қызметтер үйі – тұрғындарға бір жерде бірнеше мемлекеттік және әлеуметтік ұйымның қызметін алуға мүмкіндік беретін орталық. Мұнда Еңбек мобильділігі орталығының, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының, «Отбасы банкінің», «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының және қалалық салалық қызметтердің мамандары жұмыс істейді.

Әсіресе, Еңбек мобильділігі орталығының қызметтеріне көп сұраныс түсті – барлығы 29 288 қызмет көрсетілді. Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы желісі бойынша 12 468 қызмет, «Отбасы банкі» арқылы 3 502 қызмет, ал Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры арқылы 1 916 қызмет көрсетілді.

Әлеуметтік қызметтер үйінің форматы тұрғындарға қажетті мемлекеттік қызметтер мен кеңесті бір жерде алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мұнда ерекше қажеттілігі бар азаматтарға өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарында көмек көрсететін мамандар жұмыс істейді.

Оқи отырыңыз:  Алматыда арық желісіндегі ақауы анықталған учаскелерді қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда