Алматының Медеу ауданында тағы бір заңсыз салынған нысан сүріліп жатыр

21.07.2026 12:49
пресс-служба акима Алматы

Қала құрылысын бақылау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, сот шешімі негізінде Бегалин көшесі, 140 мекенжайындағы тұрғын үйге заңсыз салынған екі қабатты қосымша нысан бұзыла бастады,- деп хабарлайды  Аlmaty.tv 

Басқарманың хабарлауынша, меншік иесі сәулет-жоспарлау тапсырмасы мен техникалық жобаны рәсімдемей-ақ, тұрғын үйді қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізген. Соның нәтижесінде үйге қосымша құрылыс салынып, үстінен қосымша үй-жайлар тұрғызылған.

Аталған заңбұзушылыққа байланысты меншік иесіне әкімшілік шаралар қолданылып, анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген. Алайда нұсқама талаптары орындалмағандықтан, басқарма сотқа талап-арыз жолдаған.

Медеу аудандық сотының шешімімен қала құрылысын бақылау басқармасының тұрғын үйге салынған үстеме қабат пен екі қабатты қосалқы нысанды бұзу туралы талап-арызы қанағаттандырылды.

Сот шешімін орындау үшін меншік иесі нысанды өз күшімен бастады.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімі қаланың шағын өнеркәсіптік парктерінің жұмысын бағамдады