Алматының Наурызбай ауданында «HaSSaQ» этноспорты сайлау күніне ұлттық реңк берді

23.08.2026 13:32
пресс-служба акима Алматы

Наурызбай ауданындағы Шұғыла ш/а, 347/4 мекенжайында орналасқан №683 сайлау учаскесінің жанында тұрғындар үшін мазмұнды бағдарлама ұйымдастырылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Мұнда «HaSSaQ» этноспорт орталығы садақ атудан шеберлік көрсетіп, ұлттық спортты дәріптеді. Сонымен қатар сәндік-қолданбалы және қыш өнерінің көрмесі ұсынылып, келушілер қазақ қолөнерінің түрлі үлгілерімен танысты.

Балалар үшін арнайы аквагрим аймағы жұмыс істеп, кішкентай қонақтарға мерекелік көңіл күй сыйлады.

Осылайша, сайлау күні Наурызбай ауданындағы №683 учаскеде азаматтық белсенділік ұлттық спорт, қолөнер және отбасылық демалыспен ұштасып, тұрғындарға ерекше рух қалыптастырды.

Оқи отырыңыз: Алматылық спортшы Назым Қызайбай Құрылтай сайлауында дауыс берді

Толық көрсету