Бейне жетондарды енгізу – бұл күнделікті жұмыс барысында үдерістерді цифрландыру мен ашықтықты арттыруға жасалған қадам
Алматы жылу желілері тұтынушылармен өзара іс-қимыл кезінде жылу инспекциясының жұмысын жақсарту үшін нысандарды тексеру кезінде бейнетіркеуіштерді қолдана бастады. Бұл бастама инженерлер жұмысының дәлдігі мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ деректерді жинауды оңтайландыруға бағытталған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі «Алматы жылу желілері» ЖШС-ға сілтеме жасап.
Бейне жетондарды енгізу – бұл күнделікті жұмыс барысында үдерістерді цифрландыру мен ашықтықты арттыруға жасалған қадам.
«Кәсіпорнымызда инженерлердің жұмыс тиімділігі мен ашықтығын арттыру мақсатында бейнетіркеуіштер енгізілді. Бұл құрылғылар нысандарды тексеру кезінде жұмыс барысындағы маңызды сәттерді тіркеп, орындалған тапсырмаларды бақылауға, сондай-ақ кәсіпорын стандарттарының сақталуын қадағалауға мүмкіндік береді», – деп түсіндірді жылу инспекциясының жетекші маманы.
Бейнетіркеуіштер инженерлерге ақпаратты нақты уақыт режимінде жедел беруге, деректер архивін құруға және сапаны бақылауға көмектеседі. Бұл құрылғылар ықтимал мәселелерді анықтау мен штаттан тыс жағдайлардың алдын алуға арналған маңызды құрал болмақ.
«Бұл шешім өзінің тиімділігін дәлелдеді: бейнетіркеуіштер қызмет көрсету сапасын арттырып, қателіктер ықтималдығын төмендетеді және даулы мәселелерді шешуге көмектеседі. Бейнежазба жағдайды объективті түрде қарауға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алады», – деді жылу инспекциясының басшысы Маржан Балбаева.
Кәсіпорын өндірістік процестерді оңтайландыру, қауіпсіздікті арттыру және қызметкерлер мен тұтынушылар арасындағы байланысты жақсарту үшін заманауи технологияларды қолдануға тырысады. Бейнетіркеуіштерді енгізу – бұл жоғары сапа стандартына бағытталған тиімді әрі ашық өндіріс құруға жасалған тағы бір қадам.
АлЖЖ атап өткендей, цифрлық технология жылу инспекциясы қызметкерлерінің жұмыс тиімділігін арттырып, жемқорлық тәуекелдерін азайтады.