Алматыда биыл 25 шақырым жаңа жол салынды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Келесі жылы Алматыда 35 шақырым жаңа жол салынып, 300 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұл деректерді Алматыдағы ОКҚ-де өткен көшпелі брифингте қала әкімі Ерболат Досаев айтты.
«Алматы қаласын дамыту бағдарламасының басым бағыты шеңберінде қаланың тұрақты көлік қаңқасы қалыптасуда. Биыл 25 км жаңа жол салынды, Құлжа трактісі 6 жолаққа дейін кеңейтілді, 255 көшеде 250 км жолға орташа жөндеу жүргізілді. Сондай–ақ, 2024 жылы Сайын – Мөңке би көшелеріндегі жол айырығы бойынша жұмыс қозғалысы ашылды», - деді қала әкімі.
Оның айтуынша, келесі жылы 35 шақырым жаңа жол салынып, 300 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған. Сондай–ақ, көлік байланысын Сейфуллин-Жансүгіров жол айырығын, 2 радиалды (Сайын, Рысқұлов) және 2 магистральдық көшені (Қажымұқан, Төле би) ұзарту қамтамасыз етеді. Бұл жұмыстар сапалы жолдардың үлесін 2024 жылғы 92% - дан 2025 жылы 95% - ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Оқи отырыңыз: Алматыда жыл басынан бері 68 мың жұмыс орны құрылды