Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалады

23.03.2026 17:47
Фото: пресс-службы акима Алматы

Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді

Наурызнама онкүндігі аясындағы «Тазару күніне» орай Алматы жастары ерекше белсенділік танытты. Осыған орай бүгін Астана алаңында қала жастарының ұйымдастыруымен мерекелік концерт өтті.

Концерт аяқталғаннан кейін алматылық волонтерлер «Тазару күні» аясында тазалық жұмыстарын жүргізіп, Астана алаңының аумағын тазалады. Жастар алаң маңындағы аумақты ретке келтіріп, қоқыстарды жинап, қаланың тазалығына өз үлестерін қосты.

Акцияға қатысқан волонтер Берікова Айша мұндай бастамалардың маңыздылығын атап өтті:

«Тазару күні – бұл тек бір күндік акция емес, бұл – қоршаған ортаға деген жауапкершілікті көрсететін маңызды бастама. Біз концерттен кейін бірден тазалық жұмыстарын жүргізіп, өз қаламызға жанашыр екенімізді көрсеткіміз келді. Әрбір жас Алматының таза әрі көрікті болғанын қалайды», – деді ол.

Оқи отырыңыз: Тазару күні: Алматы жастары флешмоб өткізді