Алматыда сайлау учаскесіне келе алмаған азаматтардың дауыс беруі үшін қосымша мүмкіндік қарастырылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Атап айтқанда, денсаулық жағдайына байланысты немесе науқас адамды күтуіне орай сайлау учаскесіне келе алмайтын азаматтар үйде дауыс береді. Ол үшін тіркелген жері бойынша учаскелік сайлау комиссиясына жазбаша немесе ауызша өтініш беру қажет болды.
Учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі сайлаушының тұрған жерінде берілген өтініш пен жеке басын куәландыратын құжат негізінде дауыс беру бюллетенін береді. Бюллетеньді алғаны сайлаушының өтінішке қойған қолымен расталады.
Үйде дауыс беруді ұйымдастыру үшін мегаполисте арнайы топ құрылды.
Оқи отырыңыз: Алматыда 1300 шақырымды жүгіріп өткен ультрамарафоншы Меңдібай Әлімғазинов дауыс берді