«Заң мен тәртіп»: Алматыда студенттермен киберқауіпсіздік мәселелері талқыланды

09.02.2026 17:37
пресс-служба акима Алматы

«Заң мен тәртіп» қағидатын түсіндіру аясында Алматы қаласы Қоғамдық даму орталығының ұйымдастыруымен Алматы технологиялық-экономикалық колледжінің студенттерімен кездесу өтті. Іс-шараға Алматы қаласы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының өкілі қатысты, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Кездесу барысында спикерлер цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселелеріне қатысты өзекті тақырыптарды қозғады. Студенттерге онлайн-алаяқтықтың негізгі түрлері, интернет кеңістігінде құқыққа қайшы әрекеттерден қорғану жолдары жан-жақты түсіндірілді.

Оқи отырыңыз: 2025 жылы Алматыда жеті әлеуметтік жоба 8 мыңнан астам адамға көмек көрсетті