Өмірден өткен 191 майдангердің жұбайына 50 мың теңгеден біржолғы қаржылай қолдау көрсетілді
Алматыда Жеңіс күні қарсаңында Ұлы Отан соғысының 15 ардагеріне 5 миллион теңгеден біржолғы төлем табысталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сонымен қатар 1969 жылдың наурызында Даманск аралы маңында және сол жылдың тамызында Жалаңашкөл аумағында өткен әскери қимылдарға қатысқан 17 азаматқа 200 мың теңгеден материалдық көмек көрсетілді. Сондай-ақ Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген тұлғалар мен соғыс жылдарындағы жанқияр еңбегі үшін ордендерге ие болған азаматтар да назардан тыс қалмады.
Оларға 100 мың теңге көлемінде төлем берілді. Одан бөлек, өмірден өткен 191 майдангердің жұбайына 50 мың теңгеден біржолғы қаржылай қолдау көрсетілді.
Оқи отырыңыз: Мамыр айындағы мемлекеттік мерекелер мен демалыс күндері