Желтоқсан қаһарманының туғанына 60 жыл толды: Алматыда ғылыми-танымдық жиын өтті

Конференцияда ақтаңдақтардың есімін өскелең ұрпаққа насихаттау мәселесі көтерілді

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл желтоқсан қаһарманы Ербол Сыпатаевтың туғанына 60 жыл толды. Осыған орай “Ұлттық бірлік пен келісім - тәуелсіздік тірегі” атты ғылыми-танымдық конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сыпатаевтың жақындары, желтоқсаншылар, мәслихат депутаттары мен әкімдік өкілдері бас қосқан жиында ұлты үшін құрбан болған ұл туралы сөз болды. Конференцияда биылғы Тәуелсіздік күні қарсаңында қалада қолға алынатын іс-шаралар да айтылып, ақтаңдақтардың есімін өскелең ұрпаққа насихаттау мәселесі көтерілді.

"1990 жылы Қазақ КСР Жоғары кеңесінің жанынан құрылған Желтоқсан оқиғасын зерттеу комиссиясының қорытындысы бар. Сол қорытынды бойынша жұмыс істеу керек. Әрине, Желтоқсан оқиғасына қатысқан қыз-жігіттерді тәуелсіздіктің алғашқы қарлығаштары деп атап жатады", - деді Желтоқсан қаһарманы Ермұханбет Қуандық.

"Мұндай іс-шаралар қаһарманның туған жерінде де жалғасын тапты. Ерболдың кіші інісі ретінде аталған жұмыстар жанымызға демеу, жүрегімізге жылу болды", - дейді Е. Сыпатаевтың інісі Ержан Алшынбеков. 

Оқи отырыңыз: Алматыда ерекше қажеттілігі бар оқушылар арасында инклюзивті фестиваль өтті

Новости партнеров