Аудан тұрғындары 1 319 ұсыныс енгізді
Алматы қаласында «Халық қатысатын бюджет 2025» жобасына өтінім қабылдау аяқталды. Қала тұрғындары қаланы абаттандыру мен дамытуға бағытталған 4 632 бастама ұсынды. Бұл туралы «Алматы даму орталығы» АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Жетекші аудандар
Абсолютті көшбасшы – Жетісу ауданы. Тұрғындар 1 319 ұсыныс енгізді, бұл барлық өтінімнің үштен біріне жуық.
Екінші орында – Наурызбай ауданы (1 138 бастама),
Үшінші орында – Әуезов ауданы (501 өтінім).
Өтінім саны бойынша рейтинг:
• Жетісу – 1 319
• Наурызбай – 1 138
• Әуезов – 501
• Медеу – 454
• Алмалы – 433
• Түрксіб – 359
• Алатау – 230
• Бостандық – 198
Жобалардың негізгі бағыттары:
Тұрғындар ұсынған бастамалар мыналарды қамтиды:
• көшелер мен аулаларды көгалдандыру
• қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру
• тротуарлар мен арық жүйелерін жөндеу
• балалар және спорт алаңдарын орнату
Бұл идеялар Алматы аудандарын қолайлы, таза әрі жайлы етуге бағытталған.
Жүзеге асыру кезеңдері:
• 1–12 қазан – өтінімдерді сараптау
• 19 қазанға дейін – жобаларды толықтыру
• 20–26 қазан – қайталама қарау
• 27 қазан – 9 қараша – тұрғындардың дауыс беруі
• 10–16 қараша – қорытынды шығару
• 17–18 қараша – бюджет өтінімдерін қалыптастыру
• 2026 жыл —жеңімпаз жобаларды жүзеге асыру
Оқи отырыңыз: Алматы әкімі жетекші кәсіпорындардың жұмысын тексерді