Сайыс соңында үздік спикерлер мен командалар марапатталды
Алматыдағы Оқушылар сарайы еліміздің басты пікірталас алаңына айналды. Мұнда Қазақстанның 20 өңірінен келген 180 жас спикер қазақ, орыс және ағылшын лигаларында бақ сынады. Турнирге арнайы 33 пікірсайыс алаңы дайындалды, Алматыда шетелдік студенттерге Қазақстанда болу қағидалары түсіндірілді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Екі күнге созылған дода барысында қатысушылар әлеуметтік-экономикалық даму, экология және ұлттық тәрбие секілді тақырыптарда қызу пікірталас жүргізді. Жас спикерлердің терең білімі мен шешендігі көпшілікті тәнті етті.
«Бұл турнирде әрбір ой дәлелмен өріліп, сөздің шынайы құдіреті айқын көрінді. Біз нағыз зияткерлік орта қалыптасқанын байқадық», — деді Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Сәкен Аралбаев.
Сайыс соңында үздік спикерлер мен командалар марапатталып, қатысушыларға сертификаттар табысталды. Турнирді Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Қосымша білім берудің республикалық оқу-әдістемелік орталығы мен Алматы қаласының Білім басқармасы бірлесіп ұйымдастырды.
Турнир мерекелік концертпен аяқталып, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ұмытылмас әсер қалдырды.
Оқи отырыңыз: Алматыда шетелдік студенттерге Қазақстанда болу қағидалары түсіндірілді