Жүректен шыққан сый: петропавлдық көрермен Дженнифер Лопеске портрет тарту етті

10.08.2025 18:47

Ол концертке әншінің авторлық техникамен бейнеленген портретін ала келіпті

пресс-служба акима Алматы

Бүгін Алматыдағы көптен күткен Дженнифер Лопестің концерті өтетін Орталық стадион маңында біз еліміздің түкпір-түкпірінен, тіпті, шетелден келген көрермендерді жолықтырдық. Солардың қатарында Петропавл қаласынан арнайы келген Надежда Седнева да бар. Ол ерекше сыйлық- әншінің авторлық техникамен бейнеленген портретін ала келіпті.

«Осы туындыны өзіне табыс еткім келеді. Мұндай мүмкіндік туады деп сенемін. Бұл мен үшін жай ғана сыйлық емес, оның өнеріне деген шексіз құрмет пен сүйіспеншіліктің белгісі», — дейді ол.

Надежданың бұл оқиғасы бүгін Алматыда мерекелік көңіл күй мен шаттықты, музыкаға деген ыстық ықыласты еселеп тұрған сан алуан әсерлі сәттердің бірі ғана.

Оқи отырыңыз: Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертіне келген көрермендердің үштен бірі – туристер