Дәрігерге уақытылы қаралу ауыр асқынулардың алдын алуға көмектеседі
Жүктілік кезінде әйел адам өз денсаулығына ерекше назар аударуы керек. Ағзадағы кейбір өзгерістер күрделі асқынулардың белгісі болуы мүмкін. Дәрігерге қаралуды кейінге қалдыруға болмайтын бес қауіпті симптом туралы Алматы қаласы №11 қалалық емханасының акушер-гинекологы Айнұр Сағидуллаева айтып берді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Маман жүкті әйелдерге акушер-гинекологтың қабылдауына тұрақты түрде баруды, жоспарлы тексерулерден уақытылы өтуді және алаңдатарлық белгілерді елеусіз қалдырмауды ескертеді.
Осындай белгілер байқалған жағдайда дереу медициналық көмекке жүгініп, учаскелік акушер-гинекологқа немесе акушерге хабарлау қажет. Жағдай ауыр болған кезде 103 нөмірі бойынша жедел жәрдем шақырған жөн.
Өзіңізді және сәбиіңізді күтіңіз! Дәрігерге уақытылы қаралу ауыр асқынулардың алдын алуға көмектеседі.
Оқи отырыңыз: Алматының Орталық саябағындағы аркаға тарихи-мәдени ескерткіш мәртебесі берілуі мүмкін