Жүлде қоры - 94 млн теңге: Алматыда бәйгеден ел чемпионатының финалы өтеді

09.10.2026 14:37

Мегаполисте өтетін шешуші жарысқа жолдама алу үшін өзара мықтыны анықтады

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы ипподромында 10 қазанда бәйгенің бірнеше түрінен 2026 жылғы Қазақстан чемпионатының финалы өтеді. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Чемпионаттың іріктеу кезеңдері Қазақстанның жеті өңірінде – Қызылорда, Талдықорған, Екібастұз, Павлодар, Зайсан, Ақтөбе және Қостанай қалаларында ұйымдастырылды.

Маусым бойы қатысушылар түрлі қашықтықта бақ сынап, Алматыда өтетін шешуші жарысқа жолдама алу үшін өзара мықтыны анықтады.

Чемпионат бағдарламасына құнан бәйге, топ бәйге, аламан бәйге, сондай-ақ Қазақстанда туған жылқыларға арналған арнайы жарыстар енгізілген.

  • Бәйгенің жалпы жүлде қоры – 94 млн 400 мың теңге.
  • Күні: 10 қазан 2026 жыл
  • Басталуы: сағат 09:00
  • Өтетін орны: Алматы ипподромы, Омаров көшесі, 10А.

Оқи отырыңыз: Елімізде бірқатар азық-түлік тауарлары арзандады

Толық көрсету