Жұлдызды Алматы: Астана алаңында Наурызға арналған мерекелік концерт өтті

23.03.2026 12:06

Мерекелік іс-шаралар аясында сағат 11:00-ден 21:00-ге дейін концерт болады

Almaty.tv

Наурыз мерекесін тойлау аясында Астана алаңында «Жұлдызды Алматы» атты ауқымды мерекелік концерт өтті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Сахнада елге танымал өнерпаздар – ZHAN, Ажар Назар, Коди, Ілияс Қабдырай, Санжар Жұмасейітов, Жасұлан Көпберген, Рэй, Астра, Баха СМ, Марсель, Жеңіс, Тұрар, Әлішер Кәрімов, Белуччи өнер көрсетті. Көрермен қауым әрбір өнерпазды ықыласпен қарсы алып, олардың өнеріне қошемет білдірді.

Концерт қала тұрғындары мен қонақтарына арналған Астана алаңында ұйымдастырылған екі күндік мерекелік бағдарламаның құрамдас бөлігі болды.

Мерекелік іс-шаралар бүгін де жалғасады. Сағат 11:00-ден 21:00-ге дейін концерт болады.