Алматыда Jas Stars концертінде эстрада жұлдыздары өнер көрсетеді

04.03.2026 09:42
пресс-служба акима Алматы

Алматыда Жасанды интеллект жылы аясында Jas Stars ауқымды концерттік кеші ұйымдастырылады, - деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Кеш бағдарламасында қазақстандық эстраданың танымал жұлдыздары өнер көрсетеді: Muzart Life, Dieta KZ, Луина, Мирас Жүгінісов, DJ Ахметов және DJ-робот, Арқайым, Алатау серілері, Нұрсұлтан Нұрбердиев, Alpha, Moonlight.

Кеш жүргізушілері — медиа кеңістігінің танымал өкілдері Қосқанат Көпжасар, Ақбота-Нұр Сейтмағамбет және Ольга Спирина.

Көрермендерді талантты әртістердің жарқын өнері мен үлкен музыкалық мерекенің ерекше атмосферасы күтеді.

Оқи отырыңыз: Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды