«ДиНаЗаур» телехикаясының екінші маусымы қашан шығады

09.01.2021 01:22

Шытырман оқиғаға толы телехикая да осы қыздар туралы болмақ

Құрбылар арасында мызғымас достықты қалай сақтап қалуға болады? Ал, олар қаланың әр аймағында тұрып, әртүрлі қызметте жұмыс істесе ше? Бұл сұрақтардың жауабын арнамыздың төл туындысы «ДиНаЗаур» телехикаясынан көре аласыздар. Еске салайық, бұған дейін комедия жанрындағы сериалдың бірінші маусымы көрерменге жол тартып, көптің көңілінен шыққан еді. Ал, қазір шығармашылық топ киноның екінші маусымына қызу кірісіп кетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Динара, Назым және Зәуре есімді үш құрбы бала кезден бірге өскен достар. Шытырман оқиғаға толы телехикая да осы қыздар туралы болмақ. Бірі күйбең тірлікпен үйде отырса, енді бірі кәсіпкер. Оларды алдағы 8 наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесінде керемет тосын сый күтіп тұр. Бұл жағдайдан кейіпкерлердің өздері де бейхабар. Қызыққа толы сериалдың екінші маусымы көктемде эфирге жол тартады. 

«Телехикаяның бірінші маусымында оқиға аяқталмай қалған еді. Құрбылар арасындағы шытырман оқиғаға нүкте қойылмады. Бұл соның жалғасы десек те болады. Ситком 7 сериадан тұрады. Көп нәрсе құпия болы қалсын. Көрерменді қызық туынды күтіп тұр»,– деді жоба режиссері Шапағат Орынбаев.