Қазақстанның төрт қаласында ауа сапасы нашарлайды

02.03.2021 14:03

Өзге шаһарларда метеоахуал қалыпты

Фото: ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы 2 наурыз күнгі ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай Атырау, Қызылорда, Петропавл, Тараз қалаларында болады. Өзге шаһарларда метеоахуал қалыпты. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Толық көрсету