Еліміздің 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды

24.08.2020 14:04

Дүйсенбі күні ауа сапасы тек Ақтөбе, Ақтау, Қарағанды, Алматы қалаларында нашарлайтыны күтілуде

Фото: ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК 24 тамызда ел қалаларындағы метеорологиялық ахуал туралы айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Дүйсенбі күні ауа сапасы тек Ақтөбе, Ақтау, Қарағанды, Алматы қалаларында нашарлайтыны күтілуде. Еліміздің өзге шаһарларында метеожағдай қалыпты болады. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.