Еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

09.03.2021 14:06

Өзге шаһарларда метеоахуал бірқалыпты

Фото: ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК 9 наурыздағы Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай Қарағанды, Шымкент және Қызылорда қалаларында болады. Өзге шаһарларда метеоахуал бірқалыпты. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Толық көрсету