Бүгін республиканың 3 қаласында ауа сапасы нашарлайды

04.08.2020 14:09

ҚМЖ кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал

Фото: ашық дереккөзден

Бүгін, 4 тамыз күні республиканың бірнеше қаласында метеорологиялық ахуал жағымсыз болады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі "Қазгидромет" РМК сілтеме жасап.

Сейсенбі күні ауа сапасы 3 қалада – Қарағанды, Балқаш пен Шымкент қалаларында нашарлайтыны күтілуде.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.