Еліміздің 7 қаласында ауа сапасы нашарлайды

15.02.2021 14:44

Өзге шаһарларда метеоахуал қалыпты

Фото: ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы 15 ақпан күнгі ауа сапасы туралы болжамын жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Атап айтқанда, қолайсыз метеорологиялық жағдай Ақтау, Алматы, Қарағанды, Талдықорған, Қызылорда, Нұр-Сұлтан және Павлодар қалаларында болады. Өзге шаһарларда метеоахуал қалыпты. 

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. 

МЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Толық көрсету