|
17.10.2022 | 11:16
6029

Алматыда «Жасыл аула» науқаны басталады

Өтінімді қарау мерзімі 2022 жылғы 17–26 қазан аралығында

Алматыда «Жасыл аула» науқаны басталады www.ecotechtreecare.co.uk

Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы тұрғындарға тегін көшет таратуға арналған  «Жасыл аула» науқанының басталғандығын хабарлайды. Көпқабатты үйлер ауласы мен қоғамдық кеңістіктерді көгалдандыруға ниетті әрбір алматылық шаған, үйеңкі, шегіршін, терек, қараған мен қайыңның көшеттерін тегін ала алады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Науқан қатысушылары отырғызылған ағаштарды алдағы үш жыл бойы күтіп-баптау туралы кепілді міндеттемеге қол қоятындығын ескерген жөн. Қатысу үшін zhasyl.aula22@gmail.com электронды поштасына келесі мәліметтерді жолдау қажет:

1. Қатысушының аты-жөні мен телефон нөмірі, ағаш отырғызылатын орынның нақты мекенжайы;

2. Ағаш отырғызылатын орынның фотосы (мамандарға орынды толықтай бағалауға мүмкіндік болуы үшін панорамалық форматта болғаны жөн);

3. Сұралып отырған көшеттің түрі мен саны.

Өтінімдер 2022 жылғы 17–25 қазан аралығында қабылданады. Көшеттерді тарату келесі мекенжай бойынша жүзеге асырылады: Алматы қ., Алатау ауданы, Ұлжан-2 шағынауданы, Бертайқызы к-сі, 24 («STAMP SERVICE» ЖШС базасы).

Өтінімді қарау мерзімі 2022 жылғы 17–26 қазан аралығында.

Ағаш отырғызу жұмыстарын 2022 жылдың 27 қазаннан бастап жүргізіп, фотоесеп жолдау қажет.

Көрсетілген уақыттан кейін жолданған өтініштер қарастырылмайды. Қосымша ақпарат алу үшін жасыл қорды басқару және мониторинг бөліміне келесі нөмір бойынша хабарласуға болады: +7777 068 56 38.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир