Ақтауда итбалықтардың өлексесі табылды

29.06.2023 16:28

Оны демалуға келген туристер байқаған

ашық дереккөзден

Ақтауда теңіздің жағасынан итбалықтардың өлексесі табылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оны демалуға келген туристер байқаған. Бұл видеоны куәгерлер қаладан 40 шақырым жерде түсіріп алған. Бейнекадрлерден итбалықтың бірінің терісі сыпырылғаны көрініп тұр.

Әзірге мұндай жағдайға не себеп болғаны белгісіз.