|
13.07.2021 | 11:33
7997

Көлсайда екі баласымен бірге серуендеп жүрген қар барысы фототұзаққа түсіп қалды

Бұған дейін де саябақта орналасқан фототұзақ «Қызыл кітапқа» енген жыртқышты бірнеше рет тіркеген еді

Көлсайда екі баласымен бірге серуендеп жүрген қар барысы фототұзаққа түсіп қалды Фото Emmanuel Keller

«Көлсай көлдері» ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, «Көлсай көлдері» ұлттық паркіндегі фототұзаққа тағы да қар барысы түскен. Видеодан екі күшігімен бірге серуендеп жүрген ілбістің аналығын көруге болады. Бұған дейін де саябақта орналасқан фототұзақ «Қызыл кітапқа» енген жыртқышты бірнеше рет тіркеген еді. Парк аумағында тек 16 қар барысы бар. Жануарлардың саны тұрақты сақталып тұр. Естеріңізге сала кетейік, қар барысы (Uncia uncia Schreber, 1775) Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Біздің елде 120-130 қар барысы мекендейді, әлемде 7 мыңнан аспайды

Фототұзақ - жыртқыштардың санын есепке алу мен бақылаудың заманауи әдістерінің бірі.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир