Бұған дейін де саябақта орналасқан фототұзақ «Қызыл кітапқа» енген жыртқышты бірнеше рет тіркеген еді
«Көлсай көлдері» ұлттық паркінде қар барысы фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, «Көлсай көлдері» ұлттық паркіндегі фототұзаққа тағы да қар барысы түскен. Видеодан екі күшігімен бірге серуендеп жүрген ілбістің аналығын көруге болады. Бұған дейін де саябақта орналасқан фототұзақ «Қызыл кітапқа» енген жыртқышты бірнеше рет тіркеген еді. Парк аумағында тек 16 қар барысы бар. Жануарлардың саны тұрақты сақталып тұр. Естеріңізге сала кетейік, қар барысы (Uncia uncia Schreber, 1775) Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген. Біздің елде 120-130 қар барысы мекендейді, әлемде 7 мыңнан аспайды
Фототұзақ - жыртқыштардың санын есепке алу мен бақылаудың заманауи әдістерінің бірі.