Екі заң бойынша да баяндаманы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев жасады
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Мәжілістің жалпы отырысында «Өсімдіктер дүниесі туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасын таныстырды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Мәжілістің жалпы отырысында «Өсімдіктер дүниесі туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы дауыс беру арқылы мақұлдады.
Сондай-ақ «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өсімдіктер дүниесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңының жобасы да бірінші оқылымда мақұлданды.
Екі заң бойынша да баяндаманы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев жасады.
Бұл заң жобасы аясында өсімдіктерді пайдаланған бизнес субъектілеріне төлемақы енгізуді ұсынылған болатын.