Экология министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті 21 маусымға дейін жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізетін бұйрық жобасын қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv.
Осыдан 7 жыл бұрын қабылданған нормативтік құжат бұл жолы «киіктердің дириватын жинау» тармақшасымен толықтырылған.
Бұдан бөлек, толықтырулар негізінде кәсіпшілік, әуесқойлық, мелиорациялық, ғылыми-зерттеу және эпизоотияны болдырмау мақсатында аң аулауға, киіктердің дириватын жинауға рұқсат беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты органдар:
Екі және одан да көп облыстың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында жануарларды алып қоюдың, киіктер дериваттарын жинаудың белгіленген лимиттері мен квоталары шегінде ғылыми-зерттеу үшін аулауды қоспағанда, жергілікті атқарушы органдар;
Екі және одан да көп облыстарда орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулау мақсатында балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ведомство;
Киіктердің дериваттарын жинау мақсатында орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы ведомствосы көрсетеді.
Бұған дейін Қазақстандағы киіктердің саны 1 миллион 318 мыңға дейін өскені хабарланған еді. Былтыр 842 мың бас ақбөкен болған. Зоология институтында киіктерді жою және олардың санын реттеу мәселесін қарастыру үшін биологиялық негіздеу жұмысы жүргізіліп жатыр.
Құжатты талқылау 21 маусымға дейін жалғасады.