Түркістанда тұрғындардың орманға баруына уақытша тыйым салынбақ

18.07.2022 19:24

Мұндай шара облыс аумағындағы орман алқаптарында өрт оқиғаларының алдын алу мақсатында қабылданып отыр

ашық дереккөз

Түркістан облысында тұрғындардың орманға баруына уақытша тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тиісті қаулысы «Ашық» НҚА сайтына жарияланды , деп хабарлайды Almaty.tv  тілшісі.

«2022 жылдың 25 шілдесінен 1 қазанына дейін жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салынсын. Бұл аралық ормандарда өрт қауіпі жоғары кезеңдер болып есептеледі», - делінген қаулыда.

Құжатқа сәйкес, мұндай шара облыс аумағындағы орман алқаптарында өрт оқиғаларының алдын алу мақсатында қабылданып отыр.

Айта кетейік, таяуда Түркістан қаласында жасанды көлі бар саябақ ашылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат