Қоршаған ортаға жалпы көлемі 4 млн тоннадан асатын зиянды зат тасталған
Елімізде өткен жылы экологиялық заңнаманы бұзған мекемелерден 4,4 миллиард теңге айыппұл өндірілген. Құзырлы министрлік 1 600-ден астам тексеру жүргізіп, 5,8 миллиард теңге көлемінде келтірілген шығынды анықтаған, деп хабарлайды Almaty.tv.
Экология министрлігі өкілінің мәліметінше, қоршаған ортаға жалпы көлемі 4 миллион тоннадан асатын зиянды зат тасталған. Қазір еліміздің 8 қаласында ауаның ластану деңгейі жоғары. Ондағы көлік қозғалысының көптігі, кәсіпорындағы зиянды қалдықтар экологиялық ахуалды ушықтырып отыр.
«Өңірлердің экологиялық проблемасын шешу бойынша жол картасы әзірленді. Онда 485 іс-шара көзделген. Барлық іс-шараны халық талқылады. Бүгінгі таңда оның 158-і аяқталды», – деді ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Абдуалиев.