Тоқаев ШҚО-дағы экологиялық мәселе бойынша тапсырма берді

aikyn.kz
aikyn.kz
Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысындағы Қалжыр өзеніне қатысты мәселе бойынша тапсырма берді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Айқын» газетінің бүгінгі нөміріне «Қалжырды кім ластап жатыр?» деген мақала жарияланған еді. Онда Шығыс Қазақстан облысындағы Қалжыр өзенін заңсыз алтын өндірушілер қатты ластап жатқаны туралы өте өзекті мәселе көтерілген. Осыған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі мен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігіне аталған проблеманы егжей-тегжейлі тексеріп, кінәлілерді жауапкершілікке тарту туралы тапсырма берді», – деп жазды ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында.

Новости партнеров