|
13.07.2022 | 15:24
1414

Елімізде 2025 жылға дейін тоғыз су қоймасы салынбақ

Биыл тағы 6 су қоймасын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр

Елімізде 2025 жылға дейін тоғыз су қоймасы салынбақ ашық дереккөзден

Жоспарланған 41 авариялық су қоймасының 16-сы қалпына келтірілді. Нәтижесінде халық саны 120 мың адамнан асатын 16 ауылды елдімекенде су басу қаупі жойылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстар комитетінің төраға орынбасары Досбол Бекмағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Сонымен қатар биыл тағы 6 су қоймасын қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қалған 19-ы 2025 жылдың соңына дейін қалпына келтіріледі.

2025 жылға дейін қосымша су көлемін қамтамасыз ету үшін жинақтау көлемі 1,7 текше километрді құрайтын 9 жаңа су қоймасының жобасы іске асырылмақ, оның ішінде 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджетте 11,3 млрд теңге қолдау тапты.

«2021 жылы құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, көлемі 18,5 млн м3 «Кеңсай-Қосқорған-2» су қоймасы пайдалануға берілді. 2022-2023 жылдар кезеңінде 6 жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеуді аяқтау көзделген, бұл жалпы көлемі 1,6 км м3 болатын Ырғайты, Ақмола, Қалғұты, Үлкен Өзен, Бұзылық, Қараөзек және Кіші Өзен су қоймалары. 2023 жылы осы аталған қоймалардың құрылысын бастау жоспарланған. Жалпы алғанда, аталған жобаларды іске асыру 70 елді мекен мен 137 мың адам үшін су тасқыны қаупін азайтады және Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейге су тәуелділігін төмендетеді», - деді Д. Бекмағамбетов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

жоспар
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир