Алматыдағы кәсіпорындар индустриялық аймаққа көшіріледі – Асқар Әмрин

Egemen.kz
Egemen.kz
Агломерацияны дамыту туралы заң шықты, соған байланысты кеңес құрылып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы қаласы Мәслихатының VIII шақырылымының кезектен тыс II сессиясы өтті. Отырыс барысында депутаттар қала басшылығына сұрақтарын қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алматы қаласы мәслихатының депутаты Дастан Джантелиевтың сұрағы:

-Тұрғындарды толғандыратын мәселенің бірі – қаламыздың ішінде орналасқан ірі өнеркәсіптер. Солардың орналасуын қаланың сыртына шығару, соған байланысты өзіңіз білетіндей Түрксіб, Жетісу аудандарында «Темірбетон», сондай ақ басқа да кәсіпорындар санитарлық норма сақтамай, тұрғын үйлерге жақын орналасқан. Соған байланысты қаламыздың бас жоспарында қандай жұмыстарды жүргізу жоспарлануда?

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмриннің жауабы:

-Бұл сұрақ біздің бақылауымызда, оны шешу мақсатында бірқатар іс-шара жоспарланған. Биыл «Солтүстік» полицентрінің мастер-жобасы әзірленеді. Оның ішінде индустриялық аймаққа көшіруі қарастырылған.

Биыл 1-ші қаңтарда агломерацияны дамыту туралы заңы шықты, заңға сәйкес агломерация кеңесі құрылып жатыр. Кеңес кәсіпорындарды индустриялық аймаққа және агломерациясының аумақтарына көшуі қарастыратын болады.

Оқи отырыңыз: Қала әкімі жаңа сайланған депутаттармен мәслихат отырысын өткізді

Новости партнеров