|
16.06.2023 | 16:18
408

Абай облысындағы өрт қаупі толық сейілмеген

Бүгін таңертеңнен бері тікұшақтар 89 рет, жалпы 249 тонна су төккен

Абай облысындағы өрт қаупі толық сейілмеген Төтенше жағдайлар министрлігі

Абай облысындағы өртенген аумаққа бүгін таңертеңнен бері тікұшақтар 89 рет, жалпы 249 тонна су төкті. Қазір өрт оқшауланғанымен, қауіптің беті толық сейілмеген. Апат аумағында байланыс жоқ. Дегенмен өңірдегі жағдайды толық білу үшін әріптесіміз Оразай Нұртай Almaty.tv телеарнасында тікелей байланысқа шықты.  

– Біз бүгін Абай облысындағы Успенко ауылына келдік. Елдімекен Семейден шамамен 80 шақырымдай алыста. Өртке байланысты құрылған Республикалық жедел штаб осында орналасқан. Өңірде жағдай біршама тұрақталған. Тілсіз жаумен күреске өзге өңірден тартылған күштер өз мекеніне оралуда. Бүгін Қарағанды мен Алматы облысының төтеншеліктерін қайтарды. Біраздан кейін басқа өрт сөндірушілер де қайтарылады деді. Бірақ бұл жұмыс толық аяқталды дегенді білдірмейді. Өрт оқшауланғалы 2 күн өтті, дәл қазір орман алқабын әуеден бақылау, ошақтарды толық сөндіру жұмысы жалғасуда.

–  Успенкодағы жағдай қалай?

– Қазір мұнда полиция мен медицина қызметкерлері де жүр. Оқиға орнында еріктілер де бар. Олар шатыр маңында қазан құрып, өрт сөндірушілерге ас дайындауда. Орман алқабына аттанып, орманнан бері қарай келе жатқандар да бар. Алайда олардың барлығы – төтеншеліктер мен орманшылар. Орман ішіне қызметкерлерден басқа ешкімді өткізбейді. Себебі қауіп толық сейілмеген. Тәртіп сақшылары әлі де түтіні шығып, бықсып жатқан жерлер бар дейді.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир