Министр итбалықтардың қырылу себебін түсіндірді

19.07.2022 21:39

Жыл басынан бері Қаражанбас аудандары мен Түпқараған түбегінің оңтүстік-батыс шетінен 220 итбалықтың өлексесі табылған

Almaty.tv

Экология министрі Каспий теңізінде итбалықтардың өлу себебін түсіндірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Жыл басынан бері Қаражанбас аудандары мен Түпқараған түбегінің оңтүстік-батыс шетінен 220 итбалықтың өлексесі табылған. Министрдің айтуынша, теңіз жануарларының денесі ыдырап кеткендіктен сараптама алу мүмкін болмаған. Тек 67 өлген итбалықтың қаңқасына тексеру және өлшеу жүргізіліпті. Болжам бойынша балықшылардың ауына түсіп қалуы, түрлі жарақат алуы немесе итбалықтардың тыйым салынған аулау құралдарына тап болуы мүмкін.

«Бүгінгі таңда Каспий теңізі итбалығының популяциясын сақтау олардың мекендейтін жері мен көбею аймағын қорғау мақсатында мемлекеттік табиғи резерват құру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге итбалық қызыл кітапқа еңгізілген. Егер айтар болсақ, бүгінгі таңда Каспий теңізінің жағдайы нашар емес деуге болады», – деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев.