Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи қорығының аумағына 51 құлан жіберілмек

28.08.2023 21:45

Тұран жолбарысын қайта жерсіндіру үшін арнайы бағдарлама қабылданды

Ашық дерек көзінен

ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Тұран жолбарысын қайта жерсіндіру үшін 2024-2026 жылдар аралығында Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи қорығына 51 құлан жібермек, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі inform.kz-ке сілтеме жасап.  

Бұл туралы министрліктің 2024-2026 жылдарға арналған бюджет жобасында айтылған.

Тұран жолбарысын аймаққа жерсіндіруге жағдай жасалуы тиіс. Бюджет бағдарламасы бойынша, Балқаш аумағында жойылып кеткен Тұран жолбарысының популяциясын қалпына келтіру көзделеді.

-Бюджеттік бағдарламаның мақсаты - құланды «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи қорығының аумағында қайта жерсіндіру.  2024 жылы - 17, 2025 жылы - 17, 2026 жылы 17 құлан аймаққа жіберіледі, - деп жазылған бағдарлама жобасында.

2022 жылы арнайы бағдарлама негізінде қорыққа 13 құлан жіберілген.

Бюджеттік бағдарлама аясында жобаға грант есебінен 2024 жылы - 159 млн 800 мың теңге, 2025 жылы - 80 млн 110 мың теңге, 2026 жылы 80 млн теңге қарастырылған.

Сондай-ақ грантты бірлесіп қаржыландыру үшін республикалық бюджеттен 2024 жылы - 383 млн 10 мың теңге, 2025 жылы - 329 млн 566 мың теңге, 2026 жылы 129 млн 581 мың теңге жұмсалмақ.

Оқи отырыңыз: Алматы полицейлері мектеп маңында кезекшілік атқарады