Атыраудағы өзен порты жұмысын қашан бастайды

Ашық дерек көзінен
Ашық дерек көзінен
Жергілікті әкімдіктегілер жобалық-сметалық құжат жасап, шығын көлемін 16 млрд теңге бағалап отыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Атырауда жылына 15 мың тонна жүк қабылдауға қауқарлы өзен портының жұмысы 3 жылдан бері тоқтап тұр, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі.

Салдарынан шетелге жүк тасу мен қабылдау тұрақтап қалған. Кідіріс экономикаға да айтарлықтай залал тигізіп отыр.

2010 жылы өзен порты өңірдегі ірі алпауыт компанияларға Украина, Әзербайжан, Қытай, Түркия мен Ираннан қажетті құрылғыларды жеткізіп отырды.

- Теңіз арқылы тасымалды жүзеге асыру тиімді. Бір баржаға 1000 тоннаға дейін жүк тиеуге болады. Оны қысқа мерзімде, тиімді бағамен алып кете аласың. Жүк көліктерімен тасымалдау тиімсіз, жүктер сыймайды, - дейді серіктестік директоры Азамат Зұлқарнаев.

Жылдан жылға тайызданып бара жатқан теңіз тармағының тереңдігі 20-30 сантиметрдей ғана. Порт жұмысының тоқтап қалғанынан бөлек, аймақтағы балық шаруашылығын дамытуға да үлкен кедергі.

Жергілікті әкімдіктегілер Каспийдің Жайыққа құяр сағасын тереңдету үшін жобалық-сметалық құжат жасап, шығын көлемін 16 млрд теңге бағалап отыр.  

- Президенттің тікелей тапсырмасына сәйкес Жайықтың түбін тереңдету жұмысы Үкіметтің резервінен атқарылатын болады. Резервтен бөлінетін қаржыға сәйкес, байқау жұмыстары емес, атқаратын компаниялармен келісімшарт жасалады, - деді облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Айдарбек Зиноллаев.

- Қазір шекара асып, 2-3 есе қымбат келетін жеміс-жидек, көкөніс қолжетімсіз боп тұр. Бұл азық-түлік бағасының және инфляцияның өсуіне себеп болып отыр. Экологиялық мониторинг жүргізілді, кеме де, ең жеңіл қайық та теңізге  шыға алмай тұр, - деді сарапшы Арман Хайруллин.

Мадина Оқас, Фархад Тәжібаев, "Алматы" телеарнасы, Атырау

Оқи отырыңыз: Елдегі ғаламтор сапасы әлі де төмен -министр

Новости партнеров