30 шақты саябақтағы жасыл желекті суғару жұмыстарына мемлекеттік қызметкерлер мен қала тұрғындары да қолғабас етуде
Тіршіліктің тірегі – су. Бүгін Жетісу ауданында 48 мыңға жуық ағаш суғарылды. 30 шақты саябақтағы жасыл желекті суғару жұмыстарына мемлекеттік қызметкерлер мен қала тұрғындары да қолғабас етуде. Мамандардың айтуынша, «Ағаштарға қамқор бол» акциясы бұдан кейін де жалғасын таппақ, деп хабарлайды Almaty.tv.
Таңның атысымен Жетісу ауданындағы осы саябаққа 30-дан астам адам жиналды. Олардың мақсаты бір – аптап ыстықта жасыл желектерді қолдау. Қала тұрғындары мемлекеттік қызметшілермен бірге қолдарына шелек алып, талдарды суғарды.
«Алматы керемет көк-көңбек тұғын. Мысалы «Тақиялы періште» сияқты киноларды карасаңыздар Алматыны танымайсыздар. Сол кезді керемет аңсаймын, ағаштар көп болушы еді. Енді соны қазір қолға алып, барлығымыз ат салысып, «Алматы» теларнасы бар, біз боп, әкімшілік бар, атсалысып жатырмыз. Бұл келешек ұрпаққа қажет», – деді сәулетші Тілеуберді Бинашов.
«Күн ыстық кезде ең бірінші осы әкімшілікке қана бәрін артпай өзімізде кішігірім белсенділігімізді көрсетіп, ағаштарды суарып, жастарға жақсы-жақсы үлгі болатындай іске келіп отырмын», – деді аудандық ардагерлер ұйымының мүшесі Тамара Шакирова.
Қала тұрғындарының ішінде ардагерлер де бар. Олардың айтуынша, әрбір адам өсімдікті аялап отыруы қажет. Жалпы Алматы қаласында екі жарым миллионнан астам жасыл желек бар.
«Ағаштарға қамқор бол» атты біздің бағдарламамызды ауданымызды ағаштардың бәріне қолымыздан келгенше суғарып және оларды күтімге алуға тырысамыз. Сол себепте ауданымыздың жастарына айтатынымыз: Қолға алыңыдар, көмектесе біліңіздер!» – деді Алматы қаласының аббаттандыру бөлімінің басшысы Жандос Рақымғалиев.
Жаздың соңына дейін үздіксіз қала ағаштарын суару көзделген. Саябақ ағаштары, көше бойындағы жасыл желектерді ылғаландыру қолға алынды. Бірінші рет іске асылырып отырған бұл акция, ары қарай да өз жалғасын таппақ.
Сая Есімхан, Мейрам Исабеков, «Алматы» телеарнасы