Еліміздің 10 өңірінде ауа сапасы нашар

You Tube
You Tube
Ауаның ластануына себепші 16 ірі кәсіпорын бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Еліміздің 10 өңірінде ауа сапасы нашар. Ол туралы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Зүлфия Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Ауаның ластануына себепші 16 ірі кәсіпорын бар. Сондықтан компаниялар өз қаражат есебінен зиянды қалдықтар мөлшерін 20-30%-ға дейін азайтуға міндеттеліпті.

«Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент қалаларында ауаның ластану деңгейі өте жоғары. Оған негізгі 3 фактор әсер етеді. Мысалы, Нұр-Сұлтан мен Алматыда жылыту электростанциялары, Теміртау мен Өскеменде өнеркәсіп, батыс өңірлерде ескірген кәріз жүйелері экологияға ірі көлемде зиян келтіреді», –  ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Зүлфия Сүлейменова.

Новости партнеров