Ауаның ластануына себепші 16 ірі кәсіпорын бар
Еліміздің 10 өңірінде ауа сапасы нашар. Ол туралы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Зүлфия Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ауаның ластануына себепші 16 ірі кәсіпорын бар. Сондықтан компаниялар өз қаражат есебінен зиянды қалдықтар мөлшерін 20-30%-ға дейін азайтуға міндеттеліпті.
«Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш, Өскемен, Жезқазған және Шымкент қалаларында ауаның ластану деңгейі өте жоғары. Оған негізгі 3 фактор әсер етеді. Мысалы, Нұр-Сұлтан мен Алматыда жылыту электростанциялары, Теміртау мен Өскеменде өнеркәсіп, батыс өңірлерде ескірген кәріз жүйелері экологияға ірі көлемде зиян келтіреді», – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Зүлфия Сүлейменова.