3 желтоқсанда Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқармасының, Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының «Медеу МӨТП» КММ экология және қоршаған орта мониторингі бөлімінің, Алатау ауданы әкімі аппаратының, Алатау ауданының табиғат қорғау полициясының қызметкерлерінен тұратын жұмыс тобы Алатау ауданында Шапағат, Шаңырақ-2 ш/а) 2 апатты қоқыс орнын анықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Шапағат шағын ауданында жер учаскесінің иесіне 20 АЕК көлемінде әкімшілік хаттама толтырылып, сондай-ақ учаскенің меншік иесіне 10 жұмыс күні ішінде қоқыс шығару туралы кепілдік хат берілді.
Екінші мекенжай бойынша Шаңырақ-2 шағынауданында учаске иесін анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Осы бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.