Алматыда сауда экофестиваль өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Мақсат – еліміздегі экологиялық мәселелерге халықтың назарын аударту
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда сауда орталықтардың бірінде экофестиваль өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Шараны халық жүретін көңіл-көтеріп, сауда жасайтын жерде өткізудіге мақсат – еліміздегі экологиялық мәселелерге халықтың назарын аударту. Табиғат жанашырлары дүйім елді целофан пакеттерді емес, шүберек эко сөмкелерді ұстауға шақырады. Қоқыс дұрыс сұрыптай білу өте маңызды. Экомәдениетті мектеп жасынан сіңіру үшін оқушылар арасында сайыс та өткізілді. Онда экологияны жақсартуға арналған түрлі идеялар ұсынылды.

«Халық қоқысты сұрыптауды білмейді. Егер байқаған болсаңыздар, қаладағы қоқыс алаңдарында нанға арналған сары бөшке пайда болды. Бірақ ондағы жазуға қарамастан, онда ел-жұрт түрлі қалдықтарды тастап жатыр. Одан соң қоқысты кәдеге жаратып жатқандар бар. Мәселен, фаст фуд өнімдерін қуыратын майдан сабын жасауға болады. Біз қоқысты қайта өңдеудің түрлі әдістерін қарастырып жатырмыз», – деді жоба жетекшісі Евгений Мұхамеджанов.

Новости партнеров