|
28.03.2023 | 18:46
3969

Игі бастама: студенттер Алматының ауасын тазартатын жоба ойлап тапты

БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы студенттер жұмысын жоғары бағалапты

Игі бастама: студенттер Алматының ауасын тазартатын жоба ойлап тапты Almaty.tv

Ғалымдар мен студенттер Алматы аспанын торлаған көк түтіннен құтылудың жолын тапты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Шетелдік ғылыми қызметкер Брендан Дюпрей студенттермен бірлесіп, жұмысқа білек сыбана кіріскен. Олардың бұл жолғы жобасының мақсаты – Алматы аспанын торлаған көк түтіннен арылту. Олардың айтуынша, ауадағы зиянды зат мөлшері қазір шамадын тыс артып, тұрғындардың денсаулығына зиянын тигізіп жатыр. Қажырлы еңбек пен үздіксіз жүргізілген зерттеу нәтижесінде бұл сұраққа да жауап тапқанын айтты.  

«Лас ауаны сыртқа шығару үшін биік қондырғылар мен түрлі фильтр орнатудың қажеті жоқ. Ауаны тазартудың жалғыз жолы – жасыл желекті көптеп өсіру. Біздің студенттер бір жылға жуық зерттеу жүргізді. Топырақтың құнарлығын анықтап, зиянды элементтерді сіңіру деңгейін тексердік. Біз ойлап тапқан «фито-түзу» әдісі өз нәтижесін көрсетті», – деді жоба авторы Брендан Дюпрей.

Жоба әлемдік деңгейде де үздік деп танылған. БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясы студенттер жұмысын жоғары бағалапты. Экологиялық ахуал нашарлаған тұста бұл әлем елдерінде қолданылуы керек әдіс екенін айтады.

Шетелдік ғалымдар мен студенттер ойлап тапқан бірегей жобаны университет ауласында іске асырып та көрген. Айтуларынша, мұндағы ауа мегаполис көшелерімен салыстырғанда 78 пайызға әлдеқайда таза. Мұндағы жасыл желек пен шөптесін өсімдіктердің отырғызылуы да, күтімі де бөлек екен.

Қала әкімдігі қазір Алматының экологиясын жақсарту үшін жан-жақты шараларды жасап-ақ жатыр. Экология департаменті Үкіметпен бірлесіп мегаполисте «Жасыл дәліз» жобасын әзірлеп жатыр. Ғалымдар мен студенттер ойлап тапқан тың идеяның мемлекет тарапынан осы бағдарламада қолдау табатынын айтты.

«Керемет жоба. Алматы қаласының экологиясын жақсартуға үлкен үлесін қосады деп сенеміз. Біз экология департаменті ретінде оны әрдайым қолдауға ары қарай да әкімдікке, министрлікке жеткізуге, қарастыруға қолдау көрсетеміз деген ойдамыз», – деді Экология департаментінің ресми өкілі Әділ Нұрпейісов.

Алматыда ауаға бөлінетін улы түтіннің 70 пайызы көліктердің үлесінде. Сондай-ақ қаладағы жылу электр стансалары да шаһардың экологиялық ахуалын нашарлатып тұр. Мамандар олардың жұмысын көгілдір отынға көшірсек, ауаға тарайтын зиянды қалдық азайып, тұрғындардың тынысы кеңейеді деп отыр.

Ұлағат Арғын, Ернат Болатбек, «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир