Биыл Алматының қандай аудандарында көптеп ағаш егіледі

24.06.2021 01:59

Бұл туралы Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская айтты

Биыл Алматының қандай аудандарында көптеп ағаш егілетіні белгілі болды. Бұл туралы  Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская «Алматы» телеарнасындағы Akimat LIVE бағдарламасында айтты.

«Біз Түрксіб, Жетісу, Алатау және ішінара Наурызбай аудандарына барамыз. Неліктен дәл сол жерлерге? Мұның белгілі себептері бар. Мысалы, Түрксіб және Жетісу аудандарында апатты жасыл қор бар. Біз сол жерде жасыл қорды жаңартып, қолдауға міндеттіміз. Соның ішінде Алатау – қосылған аудан. Онда тақыр жерлер жеткілікті, бұл орайда қалалық атмосфера жасау үшін оны ағаш егуден бастаймыз. Бұл Наурызбай ауданына да қатысты», – деді Наталья Ливинская қала тұрғындарының сұрақтарына жауап бере келіп. – Біздің осы жоспарларымыз қаланың орталық аудандарына еш әсер етпейді. Біз бұл жерге жаңадан отырғызылатын көшеттер мен ескі ағаштарға зиян тигізбеу үшін жасыл желектерді отырғызуды толықтырып, оларды жаңадан егетін боламыз».