|
10.06.2020 | 21:22
944

Еліміздегі 9 мың заңсыз қоқыс алаңын жою кестесі әзірленді

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді

Еліміздегі 9 мың заңсыз қоқыс алаңын жою кестесі әзірленді government.kz

Еліміздегі 9 мың заңсыз қоқыс алаңын жою кестесі әзірленді. Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, кей өңірде қоқыстарды жою жұмыстары уақытылы жүргізілмей жатыр. Әсіресе, Ақтөбе мен Ақмола облысында қоқыстың жойылу деңгейі 3 пайыздан аспайды екен. Ал санкцияланбаған қоқыс төгу мәселесін шешу үшін Экологиялық кодексте қоқыс таситын көліктерге GPS орнату көзделіп отыр.

«Ғарыштан жасалған мониторингке қарағанда, 2019 жылы ел аумағында санкцияланбаған 9 мың қоқыс алаңы анықталды. Министрлік олардың бәрін жою кестесін әзірледі. Олардың 30 пайызы, атап айтсақ, 2,7 мыңы немесе 400 мың тонналық қоқыс жойылды. Бұл айналып келгенде Ақтөбе облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында бір жылда жиналып қалатын қоқыспен тең», – деді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир