Петропавлда 60 жылдық мандарин ағашы рекордтық жеміс берген

Almaty.tv
Almaty.tv
1960 жылы Ресейдің Санкт-Петербург қаласынан ағаштың бұтағын бақтың алғашқы директоры Равиль Рязапов әкеліпті
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Петропавл қаласында 60 жылдық мандарин ағашы биыл рекордтық жеміс берген. Тропиктік өсімдік қандай күтімді қажет етеді? Бақта тағы қандай өсімдік түрлері бар? Толығырақ Almaty.tv тілшісі өңірдегі әріптесім жалғастырады.

Каламондин ағашын бақ қызметкерлері 60 жыл бұрын еккен. 1960 жылы Ресейдің Санкт-Петербург қаласынан ағаштың бұтағын бақтың алғашқы директоры Равиль Рязапов әкеліпті.  Ұзақ уақыт өткен соң ғана бұл ағаш бүршік атып, жеміс бере бастаған дейді мамандар.

«Жеміс қарапайым мандарин мен кумкватты будандастыру арқылы алынған. Оның қабығы тәтті, ал іші қышқыл болады. Биыл біз рекордтық өнім алдық, 40-қа жуық жеміс бар. Қазіргі уақытта олар жетілудің әртүрлі кезеңдерінде. Сондай-ақ, осы аптада осындай кішкентай гүлдер де шыққан», – деді ботаникалық бақтың директоры Артур Рязапов.

Өткен жылы бақта каламондин 3 жеміс ғана берген екен. Ботаникалық бақта камалодиннің жалғыз ағашы ғана өседі. Мамандардың сөзінше, бұл тропиктік өсімдік ерекше күтімді қажет етеді.

Мандариннің бұл түрі Оңтүстік Америкада жиі кездеседі. Сондықтан Каламондин жемісі жылуды ерекше жақсы көреді. Осыған байланысты жылыжайдағы температура +20 градустан төмен түспейді.

Жасыл желектің биіктігі көп дегенде 1 жарым метрге дейін жетеді. Ботаникалық бақта барлығы 2 мыңдай өсімдік бар. Оның ішінде цитрустік өсімдіктердің 20-дан астам түрі кездеседі. Сондай-ақ, бұл жерде лимон, папайя, инжир, банан ағашы да тамырын тереңге жайған.

«Біз жылыжайда тропикалық және субтропикалық өсімдіктерді өсіреміз. Бұл өсімдіктердің қыстауы әртүрлі температураны қажет етеді. Орташа температураны ұстап, қосымша жарық береміз. Барлық жағдайды жасауға тырысамыз», – деді ботаникалық бақтың директоры Артур Рязапов.

Ал, былтыр ботаникалық бақ қызметкерлері мұнда папайя ағашын еккен. Биыл ол гүлдеді, жақында жеміс береді дейді.

Диана Есім, Азамат Елубаев, «Алматы» арнасы

Новости партнеров