Түркістан сілеусіні Сайрам-Өгем ұлттық паркінде фототұзаққа түсіп қалды

18.12.2021 03:31

Сілеусіннің бұл түрін 1976 жылдан бастап аулауға тыйым салынған

Фото: twimg.com

Елімізде Түркістан сілеусіні деп аталып кеткен жыртқыш фототұзаққа түсті. Бұл туралы ҚР ЭГТРМ Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Олжас Беркінбаев мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Орталық Азияда ғана кездесетін Түркістан сілеусіні ҚР ЭГТРМ қарасты Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркі қызметкерлері тарапынан қойылған фототұзаққа ілінді.

1904 жылы Ричард Лидеккер анықтап, Lynx lynx wardi деген ғылыми атау берілген. Кәдімгі сілеусін тұқымдас Түркістан сілеусіні негізінен таулы өлкелер мен орманды жерлерді мекендейді екен.

Lynx lynx isabellinus деген де атауы бар бұл аң еліміздің Қызыл кітабына енген.

Тарихқа сүйенсек, сілеусіннің бұл түрін 1976 жылдан бастап аулауға тыйым салынған.