|
09.02.2021 | 22:49
1553

Биыл Алматыда 300 мыңнан аса ағаш егіледі

Алдағы 3 жылдың көлемінде мегаполиске «Жасыл қала» мәртебесін қайтару көзделген

Биыл Алматыда 300 мыңнан аса ағаш егіледі egemen.kz

Биыл Алматыда 300 мыңнан аса ағаш егіледі. Осылайша алдағы 3 жылдың көлемінде мегаполиске «Жасыл қала» мәртебесін қайтару көзделген. Осыдан бір жарым жыл бұрын қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Jasyl Almaty» жобасын ұсынып, 1 миллион түп ағаш отырғызу міндетін қойған еді. Шаһар басшысының тапсырмасы қалай орындалып жатыр? Almaty.tv тілшісі Сымбат Ноғай зерттеп көрді.

Өткен жылы Алматыда жасыл желектің рекордтық саны 280 мыңнан аса көшет отырғызылды. Ал, бұған дейін  жылына орта есеппен тек 40 мыңдай ағаш егілетін еді«Jasyl Almaty» бағдарламасы аясында 2022 жылға дейін мегаполисте 1 миллион ағаш отырғызу жоспарланған. Жоба аяқталғанда бір тұрғынға келетін жасыл желектің аумағы 11 шаршы метрге дейін жететін болады. Бұл жоспар орындалса, ауа атмосферасындағы зиянды заттардың көлемі 25 пайызға төмендейді.

«2020 жылы Алматы аумағында 250 мың түп көшет отырғызуды жоспарлағанбыз. Алайда ағаштардың саны қойылған мақсаттан асып түсті», – деді  қалалық Жасыл экономика басқармасының бас маманы Нұрлан Құтыбаев.

Мегаполисті жасылдандыру жобасы аясында басты назар шеткі аудандарға қойылған. Мәселен, былтыр Алатау ауданында «ECO FUND TABIGAT» жекеменшік қоры және қала тұрғындарының қатысуымен «Алматының қарағайлы орманы» жобасы жүзеге асырыла бастады. Осы уақытқа дейін онда Жасыл экономика басқармасы және жергілікті әкімдіктің қолдауымен 2,5 мыңнан астам қылқанжапырақты отырғызылған.  

«Қаламызда жасыл желектің аумағанын барынша ұлғайту үшін орманды алқаптар отырғызып жатырмыз. Себебі Алматы қаласының аумағында көк майсаның жетіспейтіні бәрімізге мәлім. Ағаштар атмосфера үшін таптырмас табиғи сүзгі болып табылады түсті», – деді «ECO FUND TABIGAT» ЖҚ төрағасының орынбасары Тимур Елеусізов.

Тағы бір айта кететіні, қалалық әкімдіктің бастамасымен  жасыл желекті құжаттандыру жобасы жүзеге асып жатыр. Бұл мегаполистегі әрбір өсімдіктің өз куәлігі болады деген сөз. Онда ағаштың жасы, өлшемі және жағдайы туралы ақпарат жазылады.

Аталмыш жобаның алғашқы үлгісі наурызда жарық көреді. Нәтижесінде қылқан жапырақты ағаштар, бұталар мен гүлдердің түрлері туралы үлкен мәліметтер базасы құрылады. Сондай-ақ алматылықтар жасыл желек отырғызатын орындарды өзідігінше таңдап, жобаларын қалалық Жасыл экономика басқармасына ұсына алады.

«Бұл акция биыл да жалғасады. Қазіргі уақытта біз көктемгі маусымда жүзеге асатын жобаларды іріктеп, тізімін дайындап қойдық. Тұрғындардың басым бөлігі өз ауласын жасылдандыру бойынша өтініш жасады. Бұл акцияның қаламыз үшін маңызы зор деп ойлаймын», – деді қалалық Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская.

«Жасыл Алматы» бағдарламасы аясында биыл Алатау және Өжет шағынаудандарында 2 саябақ  ашылады. Сондай-ақ Рысқұлов даңғылының бойы жасыл-желекке бөленеді.

Сымбат Ноғай, Рашид Шүкірәлиев, «Алматы» арнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир